Қазақстан халқы Ассамблеясы ү.ж. 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған Президенттің бастамаларына қолдау білдірді, сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорын құруға жан-жақты атсалысатындығын мәлімдеді. Бұл туралы 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚХА республикалық дөңгелек үстелінің онлайн-отырысында хабарланды.
Іс – шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА депутаттық тобының мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының және этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің ашылу барысында М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі орын алған қайғылы оқиғаның салдарын жоюға белсенді атсалысып жатқанын атап өтті. «Өңірлерде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, халықтың зардап шеккен және әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін қаражат жинау әліде жүріп жатыр. Ассамблея жастары блокпосттардағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және көшелерді тазалаумен айналысатын коммуналдық қызметтің жұмысшыларына ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырды», – деді Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген бағдарламалық сөзі қаңтар дағдарысының бетбұрысты кезеңін айқындады. «Жаңа Қазақстан – бұл қоғамдық құндылықтарды терең бойлау, қоғамдағы әлеуметтік және басқа да олқылықтарды еңсеру, бұл біздің бірлігіміздің жаңа сапасы, элитаның моральдық кодексі, мемлекеттік аппараттың жаңаруы, өміріміздің гуманитарлық адами өлшемі және адами капиталға ден қою», – деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары.
М.Әзілханов «Қазақстан Халқына» қорын ашудың маңыздылығына ерекше назар аударды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы бірінші кезекте осы қордың жұмысына жәрдемдесуі тиіс. Өйткені, бұл жай ғана қайырымдылық ұйымы емес — бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты», – деді спикер.
Отырыс барысында қатысушылар алдағы атқарылатын жұмыс бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, Ассамблеяның барлық мүшелерін Президент белгілеген жаңа міндеттерді қолдауға шақырды.
Атап айтқанда, ҚХА бастамасымен барлық өңірлерде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылды. Олардың қатарында қираған ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру бойынша волонтерлік және қайырымдылық акциялары, мұқтаж жандарға, әсіресе зардап шеккен әскери және полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету, «Қазақстан Халқына» қоры жұмысының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша ҚХА мүшелерімен және меценаттармен жиналыстар ұйымдастыру жоспарланған.
Осы ретте, 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланғанын ескере отырып, ҚХА-ның жекелеген жобалары көзделген мақсаттарға сәйкес қайта қаралатындығы айтылды, оларды іске асырумен жергілікті жерлерде Аналар кеңесі және ҚХА құрылымдарымен бірлесіп айналысатын болады.
Іс-шара соңында қатысушылар үндеу жасап, ел азаматтарын Президентті қолдауға және барлық белгіленген реформаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі
Құрметті отандастар!
Бүгін бүкіл Қазақстан халқы «қайғылы қаңтар» оқиғасының салдарын жоюда күш біріктірді.
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың табанды және уақытылы жүзеге асырған шешімдерінің, сондай-ақ қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының арқасында біз тарихымыздағы күрделі кезеңді еңсере алдық.
Осы күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Президентпен, халықпен бірге болып, бүгінде қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысуда.
Сондай-ақ «қайғылы қаңтар» сабақтары бізді ел дамуының болашақ бағдарын терең ұғынуға міндеттеді, күнделікті өмірімізде «бейбітшілік», «бірлік» және «қоғамдық келісім» сияқты басты құндылықтар қоғам өркендеуінің іргелі негіздері болып табылатынын айқын көрсетті.
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде біз әлеуметтік әділеттілік, халықтың әл-ауқаты және қоғамдағы бірлік пен қауіпсіздікті нығайту маңызды рөл атқаратын жаңа Қазақстанды құру қарсаңында тұрмыз. Біз еліміздің экономикасын, саясатын, әлеуметтік саласын терең құру процесіне — жаңа Қазақстанды құру мен дамыту кезеңіне аяқ басудамыз.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президенттің осы маңызды және уақтылы бастамаларын толық қолдаймыз және ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты және гүлденген елге айналдыратынымызға нық сенімдіміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды, бұл ұйым денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайтын болады.
«Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры – бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты деп есептейміз.
Біз – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, елдегі бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы жауапкершілікті сезіне отырып, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы жүйелі бастамаларын іс жүзінде орындауда барлық азаматтарды топтасуға шақырамыз.
Отанымыздың тарихындағы осы жауапты кезеңде әрқайсымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтайтындығына кәміл сенеміз!
Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Нұр-Сұлтан қаласы 18 қаңтар 2022 жыл
Достық үйі 15:00 сағ.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia