2022 жылы 15 наурызда өткен Үкімет отырысында орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы егжей-тегжейлі хабарлады. 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық саясатының барлық негізгі бағыттарын қамтиды және Ұлттық қауіпсіздік туралы заңға сәйкес әзірленді. Оны қамтамасыз ету үшін үш критерий анықталды. Біріншісі – азық-түліктің физикалық қолжетімділігі, екіншісі – экономикалық қолжетімділік, үшіншісі – өнімнің қауіпсіздігі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру үшін үш жыл ішінде өсімдік
шаруашылығында әртараптан-дыру жүргізіледі, майлы дақыл-дар алқабы 3,5 млн га дейін, картоп алқабы 215 мың га дейін, жемшөп алқабы 4,2 млн га дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ ірі қара мал басын 9 млн басқа дейін, ұсақ қара малды 20,1 млн-ға дейін, жылқыларды 4 млн-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Инвестициялық жобаларды іске асыру 2022 жылы картопты, көкөністер мен жемістерді сақтау қуатын кезең – кезеңімен 98,3 мың тоннаға, 2023 жылы – 104,5 мың тоннаға, 2024 жылы – 19,6 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Ведомство басшысы импортты алмастыру мәселесі де назардан тыс қалмайтынын айтып өтті. Бағаларды әкімшілік реттеуден атаулы әлеуметтік қолдауға көшу жөнінде шаралар әзірленуде, тұрақтандыру қорлары қызметінің тиімділігіне толық бағалау жүргізілетін болады. Сонымен бірге тұтынушыларды қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысындағы басымдық болып табылатынын атап өтті.

Сонымен бірге министр елдегі қантқа байланысты қалыптасқан жағдайға түсініктеме беріп, қазіргі уақытта қорда 90 мың тонна қант барын және оны өндіріп, толықтыру бойынша жұмыстар тоқтатылмайтынын атап өтті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жеткілікті және азаматтарды алаңдатуға негіз жоқ, деп атап өтті Е. Қарашөкеев.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia