Әділет министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін «Цифрлық нотариат» атты жаңа жобаны таныстырды. Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдей алады.

Қазақстан нотариаттық қызметтің осы түрін цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда онлайн режимде тек Франция мен Литвада ғана сенімхатты нотариалды куәландыруға болады.

Цифрлық сенімхатты алу үшін:

1. eGov Mobile қосымшасына кіру.
2. Өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қою.
3. Мәліметтерді растау үшін қосымшадан нотариусқа бейнебайланыс арқылы қоңырау шалу.
4. Белгіленген тариф бойынша нотариус қызметін төлеу.
5. «Цифрлық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхатты алу керек.

Бұл қызметті өтініш берілген сәтте бос кез келген нотариус көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органда немесе талап етілген ұйымдарда қағаз құжат сияқты ұсынуға болады.

Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында eGov Mobile қосымшасына кіру кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып, ЭЦҚ пайдаланылады.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia