2022 жылғы 1-2 желтоқсан аралығында Алматы облысы, Қонаев қ. медиация кеңесі отырысы шеңберінде этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шара этносаралық шиеленістердің, этносаралық ксенофобия көріністерінің, зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу шараларын іске асыру, қоғамда толеранттылық және этносаралық келісім мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Семинар аудандық және ауылдық округтердің әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, азаматтық қоғам институттарының, ҚХА облыстық қоғамдық құрылымдарының өкілдері, сарапшылар мен БАҚ өкілдеріне арналып өткізілді.
Іс-шара барысында этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу бағдарламасының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Парасат» медиация және құқық орталығының директоры Г. Урозбаева, медиация бағдарламасының авторы және әзірлеушісі, «Парасат» медиация және құқық орталығының жаттықтырушысы М. Адаев және медиатор, психолог-кеңесші, медиация жөніндегі бағдарламалардың авторы Б. Амангелді тақырыпты кеңінен тарқатып, жиналғандарға ол жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Семинар аясында жергілікті атқарушы органдар мен өңірлердің жұртшылық арасынан кәсіби келіссөз жүргізушілерді және этномедиаторларды даярлау, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, этносаралық жанжал жағдайларын реттеу кезіндегі медиативтік тәсілдер бойынша ұсыныстар қаралды. Соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Анықтама үшін: Медиация – бұл үшінші тарап болып табылатын тәуелсіз тұлғаны тарта отырып, сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды жағдайларды шешу. ҚХА медиация институтын дамытудың үйлестірушісі республикалық Медиация кеңесі болып табылады.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia