Қазақстанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Этножурналистика» бағыты бойынша магистрлерді даярлай бастайды.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасына қарасты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде биылдан бастап магистранттар «Этножурналистика» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Қазақстан үшін бұл ғылыми зерттеу және этносаралық мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениетаралық алмасуда көрсету саласында мамандарды дайындаудың мұндай бірінші тәжірибесі. Бұл орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кездейсоқ таңдалған жоқ. Ұзақ уақыт бойы, кеңестік кезеңнен бері республикадағы этникалық диаспоралардың газеттеріне, радио редакцияларына және телехабарларына болашақ кадрларды дайындаудың негізгі жұмыстары осында жүргізілді.

Өткен жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен этносаралық қатынастар тақырыбын жетік меңгерген мамандарды даярлау мәселесі көтерілген болатын. Мәдениетаралық және өркениетаралық түсіністікті ілгерілетудегі, стереотиптер мен тілдік кедергілерді еңсерудегі, этникалық мұраны сақтау мен насихаттаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының және жаһандық желілік арналардың рөлін түсіне отырып, болашақ зерттеушілерді дайындауда басты назарды Қазақстан, жақын және алыс шетел этножурналистері шығармашылығының мәдениетаралық және өркениетаралық түсіністіктің принциптері мен әдістерін зерделеуге және кәсіби дамытуға аударады.

Арман Құдабай

Қазақша аудармасын дайындаған: Мүсіреп Руслан

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia