10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күніне орай Еуропа Кеңесі мен Еуропалық одақ Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптады. Осы мәселе туралы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы мен Еуропалық одақтың Жоғарғы өкілі ұйымның сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде хабарлады.

«Біз барлық жағдайда өлім жазасын алып тастаған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерді құптаймыз… Өлім жазасын әлі де қолданатын мемлекеттер санының тұрақты азаюы осы қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және тиімсіз жазадан бас тартудың жаһандық үрдісін растайды… ЕО мен Еуропа Кеңесі Қазақстанның бүкіл әлемде өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын жоғары бағалайды», – деп бірлескен мәлімдемеде атап айтылған.

Мәлім болғандай, 2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. Сонымен қатар, 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумде еліміздің азаматтары Конституцияға өзгерістер енгізуді, оның ішінде өлім жазасын алып тастау туралы бапты бекітуді қолдап дауыс берді.

Совет Европы и ЕC приветствуют решение об отмене смертной казни

По случаю Всемирного дня борьбы со смертной казнью, отмечаемого 10 октября, Совет Европы и Европейский союз приветствовали решение Казахстана об отмене смертной казни. Об этом сообщили Генеральный секретарь Совета Европы и Верховный представитель Европейского союза в совместном заявлении, опубликованном на сайте организации.

«Мы приветствуем государства-члены Совета Европы, которые отменили смертную казнь при любых обстоятельствах… Устойчивое снижение числа государств, в которых до сих пор применяется смертная казнь, подтверждает глобальную тенденцию к отказу от этого жестокого, бесчеловечного и неэффективного наказания… ЕС и Совет Европы высоко оценивают ратификацию Казахстаном Второго Факультативного протокола к Международному пакту о гражданских и политических правах, направленного на отмену смертной казни во всем мире», – подчеркивается в совместном заявлении.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia