Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейіне ие екенін атап өтті.

Биыл екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына және Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың бекітілгеніне 30 жыл толады. «Осы кезеңде сенімді әрі сындарлы диалог орнады. Көптеген өзара тиімді бағыттар бойынша серіктестік жоғары деңгейге көтерілді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ҚР Үкіметінің басшысы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін ҰҚШҰ-ға мүше Мемлекеттер басшыларының мерейтойлық отырысы аясында Қазақстан мен Ресей Президенттерінің жақында өткен кездесуі барысында маңызды бағдарлардың белгіленгенін жеткізді.

Ресей Федерациясы – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы үштен бірге өсіп, $24,2 млрд рекордтық көрсеткішке жетті.

Осыған орай, Әлихан Смайылов екі ел Үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты өнеркәсіптік кооперация екендігін атап өтті.

Қазақстанда 13 маңызды бірлескен жоба іске асырылды. Бірқатар салада, оның ішінде машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібінде құны шамамен $4 млрд құрайтын 22 ірі жоба жүзеге асырылып, кейбірі пысықталып жатыр. Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты аймақтық ұйымдар аясында да табысты өзара іс-қимыл орнатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Михаил Мишустин бүгінгі кездесу екі мемлекет Президенттерінің 16 мамырда Мәскеуде қол жеткізілген келісімдерін дамыту аясында өтіп жатқанын айтты.
Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы импортты алмастыру бағдарламаларын жүзеге асырудың перспективаларын атап өтті.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia