ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық жобаның мақсаты тұрғындардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды әрі көлік байланысын жақсарту, сондай-ақ елдің транзиттік әлеуетін және халықтың мобильділігін арттыру екенін атап өтті. Ұлттық жобаны 2021 жылы іске асырудың нәтижесінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 96%-ды құрады (қалаларда – 98%, ауылдарда – 93%), моно– және шағын қалаларда инженерлік және көлік инфрақұрылымының тозуы 57,6%-дан 45,5%-ға дейін төмендеді, 17,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, нормативтік жай-күйдегі республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 90%-ға дейін (жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 80%-ға дейін) өсті, сондай-ақ 112 мыңға жуық тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылды. Биыл Ұлттық жобаның іс-шараларын орындау жалғасуда. Атап айтқанда, 576 ауылда жобаларды іске асыруға, моно– және шағын қалалардың инфрақұрылымын дамытуға және жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінді.

Баяндамашыларды тыңдап болғаннан кейін Премьер-Министр Ұлттық жобаны іске асырудың елді мекендердегі инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға, 480 ті-
рек және серіктес ауылды жаңғыртуға, тұрғын үй құрылысына 2,4 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бергенін айтты. Жұмыс істейтін жастарға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің назарын «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджеттік кредиттер беру жөніндегі кейбір көрсеткіштердің орындалмағанына аударды.

– Жыл соңына дейін көп уақыт қалған жоқ, сондықтан осы жұмысты жандандыру қажет. Жобалардың іске асырылуы әкімдер мен жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс, – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр 1 қазанға дейін Ауылдық аумақ-тарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді және Ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia