2023 жылғы 17 тамызда Талдықорған қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Республикалық «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерімен кездесуі өтті.
ҚХА-ның ұйымдастыруымен өткен II Республикалық жастар слетінде дарынды жас белсенділермен бірлесе, Ассамблеяны дамыту мен республикалық және өңірлік деңгейлерде жастар бастамаларын іске асырудың негізгі өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. А. Әзілханов өз сөзінде: «Ассамблея жастары» ұйымы ҚХА-ның маңызды қоғамдық құрылымы болып табылады. Жастарымыздың жобалары мен идеялары мемлекеттік тілді дамытуға, әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жастар үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған» — екенін атап өтті.
Төрт күндік шара аясында қатысушылар мемлекеттік органдармен және ҚР Парламентімен өзара қарым-қатынас орнату бойынша практикалық білім алып, сондай-ақ онлайн кеңістікте БАҚ-пен жұмыс істеу негіздері, уақытты басқару, жұмысты құру және тағы басқа мәселелер төңірегінде ақпаратпен қамтамасыз етілді.
Шара соңында жастар өзін мазалап жүрген сұрақтарына нақты жауаптар алып, қазіргі заманға сай өздерінің ұсыныстарын берді. Түрлі өңірлерде жүргізіп отырған жұмыстары туралы айтып, әзірлеп жатқан жобаларымен таныстырды.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia