ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) базасында „Nexus“ институты құрылуда.

Бұл – жер ресурстарын, су қорларын, энергияны басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау салаларында кешенді әрі орнықты шешімдер әзірлеуге бағытталған ғылыми-білім беру орталығы. Институт өңірлік және халықаралық серіктестердің ғылыми әлеуетін біріктіретін платформа ретінде жұмыс істейтін болады.

Бұл бастама ҚР Ұлттық ғылым академиясы, KazNARU және DKU Қазақстан-Неміс университетінің ынтымақтастығымен, Ханнс Зайдель қорының стратегиялық қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Институттың басты мақсаты – жер, су, энергия және биоалуантүрлілікке қатысты өзара байланысты мәселелерді ғылыми тұрғыда шешу арқылы аймақтың орнықты дамуына үлес қосу. Бұл ретте пәнаралық зерттеулерге, халықаралық академиялық ұтқырлыққа және Орталық Азия үшін жоғары білікті мамандар даярлауға баса назар аударылады.

Институт қызметінің негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

✔ Су және жер ресурстарын орнықты басқарудың саясатын әзірлеу;
✔ Табиғи ресурстарды басқаруға арналған цифрлық шешімдерді енгізу;
✔ Климаттың өзгеру жағдайында жұмыс істейтін кадрларды даярлау;
✔ Жердің тозуы мен шөлейттенуінің алдын алуға бағытталған тәжірибелерді ілгерілету.

Неміс серіктестері, соның ішінде Ханнс Зайдель қоры, институтқа зерттеу бағдарламаларын іске қосудан бастап стратегиялық сессиялар өткізу мен білім беру платформаларын дамытуға дейінгі аралықта қаржылық және сараптамалық қолдау көрсететін болады.

„Nexus“ институтының құрылуы – Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам әрі аймақтық сын-қатерлерге жауап бере алатын және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін орнықты академиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған тың бастама.

В АЛМАТЫ СОЗДАЁТСЯ КАЗАХСТАНСКО-НЕМЕЦКИЙ ИНСТИТУТ «NEXUS» ДЛЯ РЕШЕНИЯ ВОДНЫХ И КЛИМАТИЧЕСКИХ ВЫЗОВОВ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ

При управлении Национальной академии наук на базе Казахского национального аграрного исследовательского университета (KazNARU) создается Институт «Nexus» – научно-образовательный центр, ориентированный на разработку комплексных и устойчивых решений в сферах управления землёй, водными ресурсами, энергетикой и сохранения биоразнообразия, объединяющий научный потенциал региональных и международных партнёров.

Инициаторами создания института выступили Национальная академия наук РК, KazNARU и DKU (Казахстанско-Немецкий университет) при стратегической поддержке Фонда Ханнса Зайделя.

Цель Института – содействие устойчивому развитию региона через интеграцию научных подходов к взаимосвязанным вопросам: земле, воде, энергии и биоразнообразию. Особое внимание будет уделено междисциплинарным исследованиям, международной академической мобильности и подготовке высококвалифицированных специалистов для Центральной Азии.

Основные направления работы включают:
* Разработку политик в сфере устойчивого водного и земельного управления;
* Внедрение цифровых решений для мониторинга природных ресурсов;
* Подготовку кадров, способных работать в условиях климатических изменений;
* Продвижение практик, направленных на предотвращение деградации земель и опустынивания.

Немецкие партнёры, в том числе Фонд Ханнса Зайделя, оказывают институту как финансовую, так и экспертную поддержку – от запуска исследовательских программ и проведения стратегических сессий до развития образовательных платформ

Создание Института «Nexus» стало важным шагом в укреплении казахстанско-германского сотрудничества и формировании устойчивой академической инфраструктуры, способной отвечать на вызовы региона и содействовать достижению Целей устойчивого развития.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь