Депутаты Сената Парламента РК, представляющие Ассамблею народа Казахстана, провели встречу с Уполномоченным Федерального Правительства Германии по вопросам переселенцев-немцев и национальных меньшинств доктором Берндом Фабрициусом. Стороны обсудили текущее состояние и перспективы казахстанско-германского сотрудничества, вопросы поддержки этнических немцев, проживающих в Казахстане, а также развитие межпарламентского взаимодействия.

В ходе беседы был подчеркнут высокий уровень политического диалога между двумя странами, поступательное развитие торгово-экономических, инвестиционных и культурно-гуманитарных связей, а также важная роль парламентской дипломатии в укреплении двустороннего сотрудничества.

«Этнические немцы Казахстана являются прочным мостом дружбы между нашими странами. Мы высоко ценим их вклад в укрепление общественного согласия, развитие культуры и экономики. Казахстан последовательно поддерживает инициативы, направленные на сохранение языка, культуры и исторических традиций немецкого этноса, а также развитие гуманитарного и молодежного сотрудничества», — отметил сенатор Евгений Больгерт.

Отдельное внимание участники встречи уделили вопросам поддержки немецкой диаспоры, развития образовательных и культурных инициатив, а также расширения молодежных обменов. Было подчеркнуто, что в Казахстане создаются необходимые условия для сохранения и развития немецкого языка, культуры и традиций.

Кроме того, стороны обсудили взаимодействие на международных парламентских площадках, включая Парламентскую ассамблею ОБСЕ и ПАСЕ, а также деятельность Межправительственной комиссии по вопросам этнических немцев, которая остается важным механизмом двустороннего диалога и способствует укреплению межкультурного взаимодействия.

По итогам встречи собеседники подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем укреплении казахстанско-германского партнерства, расширении межпарламентских контактов и развитии конструктивного диалога по вопросам межэтнического взаимодействия.

Қазақстан мен Германия этносаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша диалогты нығайта түсуде

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан өкілдік ететін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Германия Федералды Үкіметінің Қоныс аударушы-немістер және аз ұлттар мәселелері жөніндегі уәкілі доктор Бернд Фабрициуспен кездесті. Тараптар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, Қазақстанда тұрып жатқан этникалық немістерді қолдау мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылды дамытуды талқылады.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейі, сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның маңызды рөлі атап өтілді.

«Қазақстанның этникалық немістері екі ел арасындағы достықтың берік көпірі. Біз олардың қоғамдық келісімді нығайтуға, мәдениет пен экономиканы дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Қазақстан неміс этносының тілін, мәдениеті мен тарихи дәстүрін сақтауға, сондай-ақ гуманитар сала мен жастар ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді», — деп атап өтті сенатор Евгений Больгерт.

Кездесуге қатысушылар неміс диаспорасын қолдау, білім беру және мәдени бастамаларды дамыту, сондай-ақ жастар алмасуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстанда неміс тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау және дамытуға қажетті жағдай жасалып жатқаны атап өтілді.

Тараптар сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және ЕКПА-мен бірге халықаралық парламенттік алаңдардағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ екіжақты диалогтың маңызды тетігі болатын және мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссияның қызметін талқылады.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Германия әріптестігін одан әрі нығайтуға, парламентаралық байланыстарды кеңейтуге және этносаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша сындарлы диалогты дамытуға мүдделілігін растады.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь