Құрметті Отандастар!
Бүгін біздің елімізде тамаша мереке. Бұл мереке терең мағынаға ие. Алғыс айту күні біз қазақ халқының мейірімділігін ризашылықпен еске аламыз. Сондай-ақ, осы күні еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін адамдарға алғысымызды білдіреміз.
Мен бүгін этномәдени бірлестіктер басшыларының жас ұрпағы атынан тәлімгерлерімізге ерекше алғыс білдіргім келеді. Олардың адал еңбегі мен даналығы Қазақстандағы барлық этностар арасындағы бейбітшілікті сақтауға және достықты нығайтуға көмектесті.
Осындай адамдардың бірі Герольд Бельгер. Ол кісіні халық арасында «Гер-аға» деп атаған. Немістер жаппай кетіп бара жатқанда берген сұхбатында Герольд Бельгер:
– Мен қазақ топырағынан тыс жерде тамырсыз жұлынған ағаш сияқты қурап қаламын. Егер, әркім осылай ойлайтын болса, ол халқы мен елінің игілігі үшін жұмыс істей бастайды…
Этномәдени бірлестіктер өкілдері мен Ассамблея мүшелері арасында осындай жарқын мысалдар көп. Олардың арасында дәрігерлер, педагогтар, кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері бар. Бұл тізімді әрі қарай да жалғастыруға болады. Әрбір адам еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Олардың әрқайсысы үлкен құрмет пен ризашылыққа лайық.
Бүгінгі күні біз аға буынға алғысымызды білдіреміз. «Үлкен бастар, кіші қостар» демекші олардың ісін қостап, болашақ ұрпақ үшін жалғастырамыз.
Алғыс айту күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт
Дорогие соотечественники!
Сегодня в нашей стране замечательный праздник, который имеет очень глубокий смысл. В День благодарности мы вспоминаем доброту казахского народа, выражаем благодарность людям за их вклад в развитие нашей страны.
Я хочу сегодня выразить особую признательность от имени молодого поколения руководителей этнокультурных объединений нашим наставникам. Их честный труд и мудрость помогли сохранить мир и укрепить дружбу между всеми этносами Казахстана.
Одним из таких людей был Герольд Бельгер или, как его называли в народе, «Гер-аға». В одном из интервью, когда немцы массово уезжали, Герольд Карлович сказал:
— Вне казахстанской почвы я просто засохну, как дерево, вырванное без корней. И вот, когда каждый так определится, он начнёт работать на благо – своё, народа и страны…
И таких ярких примеров среди представителей этнокультурных объединений и членов Ассамблеи очень много. Среди них – врачи, педагоги, бизнесмены, ученые, спортсмены, общественные и государственные деятели. И этот список можно еще долго продолжать. Каждый вносил и вносит свой вклад в развитие нашего Казахстана. Каждый заслуживает уважения и благодарности.
Сегодня мы говорим спасибо старшему поколению. Народная мудрость гласит: «Үлкен бастар, кіші қостар», и мы продолжаем их дело для будущих поколений.
Поздравляю вас с Днем благодарности!
Депутат Сената Парламента РК Евгений Больгерт
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia