Қымбатты достар! Әріптестер!

Қазақстанда 1 сәуірде БАҚ өкілдеріне арналған Nevsky Award халықаралық жүлдесіне қатысуға өтінім беру басталады!

United Charity Projects Evolution қоғамдық қоры және Қазақстан журналистика академиясының ұйымдастыруымен Nevsky Award халықаралық жүлдесі 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде байқауға 300-ге жуық қазақстандық және шетелдік журналист қатысты.

Nevsky Award жүлдесінің басты мақсаты – бірлік пен өзара мәмілеге бастайтын дипломатия мен халықаралық қатынастар, ұлтаралық және конфессияаралық конструктивті диалог, даму мен қоғамға әлеуметтік қызмет ету жолындағы руханият мәселелерін көтеру.

Осы жылы біз үміткерлердің құрамы мен географиясын кеңейттік. Бұдан былай көпвекторлы сыртқы саясат, дипломатия, ұлтаралық және өңіраралық келісім, рухани құндылықтар, түрлі елдердің көпмәдениетті ортасындағы қарым-қатынастар, тарихи оқиғалар мәселелерін көтеріп жүрген әлемнің барлық елдері редакцияларының журналистері байқауға қатысуға өтінім бере алады.

Сондай-ақ жүлдеге жас авторлар мен блогерлер қатыса алады. Одан бөлек, жоғарыда аталған тақырыптарды көтеріп жүрген басылымдардың бас редакторларына да арнайы жүлделер бекітілді.

БАҚ өкілдеріне арналған Nevsky Award халықаралық жүлдесінің салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылғы 30 қарашада өтеді деп жоспарлануда.

Жүлденің лауреаттары бағалы сыйлықтармен, соның ішінде, көгершін бейнеленген асыл тастар мен металдардан жасалған мүсіншемен марапатталады.
Барлық журналистер мен әлеуметтік желілер блогтарының авторларын шараға қатысуға шақырамыз.
2023 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қарашаға дейін баспа БАҚ-та жарыққа шыққан, теле- және радиоэфирлерде немесе Интернетте жарияланған журналистердің авторлық жұмыстары қарастырылады.

Аталмыдар:

— «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»
— «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»
— «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қарым-қатынастар туралы үздік материал»
— «Руханият туралы үздік материал» – Қазақстан Православие Шіркеуінің арнайы сыйлығы
— Редакторлар
— «Журналистикадағы дебют»
— Видео
— Блогинг

Жүлде лауреаттарын Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаевтың төрағалық ететін сарапшылар кеңесі анықтайды.

Қосымша ақпаратты https://newskyaward.kz сайтынан алуға болады.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia