Когда немецкая инженерная школа встречается с бескрайними степями Казахстана, рождаются проекты, меняющие масштаб сельского хозяйства. В Северо-Казахстанской области запущена одна из самых современных молочных ферм Центральной Азии — с крупнейшей в Казахстане и регионе доильной установкой немецкой компании GEAWestfalia.

В районе имени Магжана Жумабаева состоялся запуск первого этапа мегафермы ТОО «СК Агро 2050». Новый животноводческий комплекс рассчитан на содержание 12 тысяч голов крупного рогатого скота и стал ещё одним примером успешного сотрудничества Казахстана и Германии в аграрной сфере.

Сердцем предприятия стала современная доильная система типа «карусель» производства GEAWestfalia. Установка позволяет одновременно обслуживать 100 коров, обеспечивая высокую производительность, точность процессов и соответствие международным стандартам молочного производства.

Для немецкой компании это продолжение более чем вековой традиции развития технологий для молочной отрасли. Оборудование GEA Westfalia используется на фермах по всему миру, помогая автоматизировать процессы, повышать эффективность производства и улучшать условия содержания животных.

Новая ферма в Северном Казахстане создаётся как высокотехнологичный комплекс полного цикла. Здесь будут применяться современные методы управления стадом, цифровой контроль производственных процессов и передовые подходы к организации молочного производства.

Общий объём инвестиций в проект составит около 30 млрд тенге. После выхода предприятия на полную мощность здесь будет создано более 120 постоянных рабочих мест.

Важным направлением сотрудничества стала работа с немецкой генетикой животных. С начала года на ферму авиационным транспортом из Германии уже доставлено более 550 голов племенного скота. До конца года планируется завезти ещё 660 животных из европейских стран.

Северо-Казахстанская область в последние годы стала одним из центров внедрения европейских технологий в сельском хозяйстве Казахстана. Здесь реализуются проекты, где немецкое оборудование сочетается с природными ресурсами региона, опытом местных аграриев и государственной поддержкой развития молочного животноводства.

Одним из примеров такого сотрудничества является ТОО «Атамекен-Агро-Корнеевка», где также используется оборудование GEA Westfalia, включая современную доильную карусель.

Сегодня в области действует 118 молочно-товарных ферм, более 50 из которых работают в формате «умных» предприятий. В рамках программы развития молочного животноводства реализуются 44 инвестиционных проекта общей стоимостью 144,5 млрд тенге.

Проект «СК Агро 2050» показывает новое качество сотрудничества Казахстана и Германии: речь идёт уже не просто о поставке оборудования, а о передаче технологий, обмене опытом и создании современной модели сельского хозяйства.

Андрей Кратенко

Made in Germany: неміс технологиялары Солтүстік Қазақстанның сүтті мал шаруашылығын өзгертуде

Неміс инженерлік мектебі Қазақстанның ұлан-ғайыр даласымен тоғысқанда, ауыл шаруашылығының ауқымын өзгертетін жобалар дүниеге келеді. Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең заманауи сүт фермаларының бірі іске қосылды. Мұнда Қазақстан мен өңірдегі ең ірі сауу қондырғысы – немістің GEA Westfalia компаниясының жабдығы орнатылған.

Магжан Жумабаев ауданында «СК Агро 2050» ЖШС мегафермасының бірінші кезеңі іске қосылды. Жаңа мал шаруашылығы кешені 12 мың бас ірі қара малды ұстауға есептелген және Қазақстан мен Германияның аграрлық саладағы табысты ынтымақтастығының тағы бір үлгісі болып отыр.

Кәсіпорынның жүрегі – GEA Westfalia компаниясы шығарған заманауи «карусель» үлгісіндегі сауу жүйесі. Қондырғы бір мезгілде 100 сиырға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жоғары өнімділікті, процестердің дәлдігін және сүт өндірісінің халықаралық стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді.

Неміс компаниясы үшін бұл сүт саласына арналған технологияларды дамытудағы ғасырдан астам тарихы бар дәстүрдің жалғасы. GEA Westfalia жабдықтары әлемнің көптеген елдеріндегі фермаларда қолданылып, өндірістік процестерді автоматтандыруға, тиімділікті арттыруға және жануарларды ұстау жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беріп келеді.

Солтүстік Қазақстандағы жаңа ферма толық өндірістік циклді қамтитын жоғары технологиялық кешен ретінде құрылып жатыр. Мұнда табынды басқарудың заманауи әдістері, өндірістік циклдерді цифрлық бақылау және сүт өндірісін ұйымдастырудың озық тәсілдері қолданылады. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін мұнда 120-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – мал шаруашылығында неміс генетикасын пайдалану. Жыл басынан бері Германиядан фермаға әуе көлігімен 550-ден астам асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Жыл соңына дейін Еуропа елдерінен тағы 660 бас мал әкелу жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы соңғы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығына еуропалық технологияларды енгізу орталықтарының біріне айналды. Мұнда неміс жабдықтары өңірдің табиғи ресурстарымен, жергілікті аграршылардың тәжірибесімен және сүтті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаумен ұштастырылған жобалар жүзеге асырылуда.

Осындай ынтымақтастықтың мысалдарының бірі – «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС. Мұнда да заманауи сауу каруселін қоса алғанда, GEA Westfalia жабдықтары пайдаланылады.

Бүгінде облыста 118 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, олардың 50-ден астамы «ақылды» кәсіпорындар форматында қызмет атқарады. Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 144,5 млрд теңге болатын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «СК Агро 2050» жобасы Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Мұнда сөз тек жабдық жеткізу туралы емес, технологияларды беру, тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығының заманауи моделін қалыптастыру туралы болып отыр.

Автор: Андрей Кратенко.

Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь