Университет прикладных наук Вайенштефан-Триздорф (Германия) и Kozybayev University подвели первые итоги совместной программы подготовки аграрных специалистов.
В Kozybayev University (Петропавловск, Казахстан) состоялся брифинг, посвященный завершению пилотного проекта «Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan», который был реализован совместно с немецким университетом прикладных наук Вайенштефан-Триздорф (HSWT) при участии казахстанского аграрного бизнеса.
Четверо студентов агротехнологического факультета Kozybayev University прошли четырехмесячное обучение в Германии, успешно сдали экзамены, получили сертификаты HSWT, а теперь проходят практику на предприятии партнера с гарантированным трудоустройством на три года.
Немецкий университет прикладных наук Вайенштефан-Триздорф (HSWT) — один из ведущих вузов Германии в области аграрных технологий, цифровизации и практикоориентированной подготовки — стал ключевым зарубежным партнером пилотного проекта «Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan». Kozybayev University вошел в число всего двух казахстанских вузов, отобранных для участия в этой программе, инициированной немецкой стороной.
Пионерами проекта стали студенты 3–4-х курсов образовательной программы «Наука о растениях и технологии»: Дамир Аманжол, Даурен Манайдар, Нияз Сатыбалды и Арстан Мурзашев. В течение четырех месяцев они обучались в HSWT, где изучали современные подходы к организации сельскохозяйственного производства, знакомились с европейским опытом, участвовали в междисциплинарных проектах и осваивали новейшие технологии, применяемые в сельском хозяйстве Германии.
Важной частью обучения стали выезды на полевые исследования и работа над практическими проектами. По итогам все студенты успешно сдали экзамены и получили сертификаты немецкого университета.
Финансирование программы полностью взяла на себя казахстанская компания ТОО «СТ АГРО»: она оплатила обучение, проживание, перелет и ежемесячные стипендии студентов.
После возвращения из Германии участники продолжили подготовку уже на производственной площадке компании, с 5 августа они проходят практику, применяя полученные в HSWT знания в условиях реального аграрного производства Казахстана.
После завершения практики и получения дипломов Kozybayev University все четверо будут трудоустроены в ТОО «СТ АГРО» сроком на три года. Таким образом, проект формирует полноценную профессиональную траекторию: образование в немецком вузе — международный опыт — производственная практика — гарантированное трудоустройство.
На брифинге ректор Kozybayev University Ербол Исакаев подчеркнул особое значение сотрудничества с HSWT в условиях технологической трансформации агропромышленного комплекса Казахстана.
— Для наших студентов это возможность получить опыт в образовательной среде, где теория непосредственно связана с практикой, современными технологиями и реальными задачами аграрного производства. Для нас это не только признание уровня подготовки наших студентов, но и показатель доверия к университету как к партнеру в подготовке современных кадров для агропромышленного комплекса, — отметил ректор.
Он также подчеркнул, что для университета принципиально важно, чтобы международное сотрудничество приводило не только к академической мобильности, но и к реальному трансферу знаний, технологий и современных производственных практик из Германии.
Координатор проекта «Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan» Магираш Шаримова рассказала об истоках программы и буднях североказахстанских студентов в немецком вузе на различных этапах обучения.
Сами участники поделились опытом, представив, в частности, агроэкономические расчеты затрат на технику, выполненные в ходе обучения в HSWT. Эти расчеты направлены на повышение экономической эффективности сельскохозяйственных процессов и демонстрируют, как немецкие подходы могут быть адаптированы к казахстанским условиям.
Проект «Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan» объединяет международное образование, практическую подготовку и дальнейшее трудоустройство. Для бизнеса это возможность заранее готовить кадры с учетом реальных производственных задач, а для студентов — получить международный опыт и выстроить понятную профессиональную траекторию еще во время обучения.
Осенью 2026 года Kozybayev University и немецкие партнеры из HSWT начнут новый отбор студентов для обучения в Германии в летнем семестре следующего года. Пилотный проект демонстрирует, как взаимодействие казахстанского университета, немецкого образовательного учреждения и бизнеса может стать эффективным инструментом подготовки специалистов нового поколения для агропромышленного комплекса Казахстана.
Андрей Кратенко
Неміс тәжірибесі Қазақстан даласына: HSWT және Kozybayev University-дің пилоттық жобасы
Қазақстанның Петропавл қаласындағы Kozybayev University-де немістің Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университетімен (HSWT) және қазақстандық агробизнеспен бірлесіп жүзеге асырылған „Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan“ пилоттық жобасының аяқталуына арналған брифинг өтті.
Kozybayev University-дің агротехнологиялық факультетінің төрт студенті Германияда төрт айлық оқу курсынан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырып, HSWT сертификаттарын алды. Қазір олар серіктес кәсіпорында өндірістік практикадан өтіп жатыр, әрі оқу аяқталғаннан кейін үш жыл мерзімге кепілді жұмысқа орналасады.
Немістің Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті (HSWT) – аграрлық технологиялар, цифрландыру және практикалық бағыттағы білім беру саласындағы Германияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Ол неміс тарапы бастамашылық жасаған „Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan“ пилоттық жобасының негізгі шетелдік серіктесіне айналды. Kozybayev University осы бағдарламаға қатысу үшін іріктелген Қазақстандағы екі жоғары оқу орнының бірі болды.
Жобаның алғашқы қатысушылары «Өсімдік шаруашылығы ғылымы және технологиялары» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері Дамир Аманжол, Даурен Манайдар, Нияз Сатыбалды және Арстан Мурзашев болды.
Төрт ай бойы олар HSWT-де білім алып, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін зерттеді, еуропалық тәжірибемен танысты, пәнаралық жобаларға қатысты және Германияның ауыл шаруашылығында қолданылатын озық технологияларды меңгерді.
Оқу бағдарламасының маңызды бөлігі далалық зерттеулерге шығу және практикалық жобалармен жұмыс істеу болды. Оқу қорытындысы бойынша барлық студент емтихандарды сәтті тапсырып, неміс университетінің сертификаттарын алды.
Бағдарламаны қаржыландыруды толығымен қазақстандық «СТ АГРО» ЖШС өз мойнына алды. Компания студенттердің оқу ақысын, тұратын жерін, ұшу шығындарын және ай сайынғы шәкіртақыларын төледі.
Германиядан оралғаннан кейін жоба қатысушылары дайындықтарын компанияның өндірістік алаңында жалғастырды. 5 тамыздан бастап олар практикадан өтіп, HSWT-де алған білімдерін Қазақстандағы нақты ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында қолданып келеді. Практика аяқталып, Kozybayev University дипломдарын алғаннан кейін төрт студенттің барлығы «СТ АГРО» ЖШС-не үш жыл мерзімге жұмысқа орналасады. Осылайша, жоба толыққанды кәсіби траектория қалыптастырады: неміс жоғары оқу орнында білім алу – халықаралық тәжірибе – өндірістік практика – кепілді жұмысқа орналасу.
Брифинг барысында Kozybayev University ректоры Ербол Исакаев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені технологиялық трансформация кезеңінде тұрған жағдайда HSWT-пен ынтымақтастықтың ерекше маңызға ие екенін атап өтті: «Студенттеріміз үшін бұл теория тікелей практикамен, заманауи технологиялармен және ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты міндеттерімен ұштасатын білім беру ортасында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Біз үшін бұл студенттеріміздің дайындық деңгейінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар университетке агроөнеркәсіптік кешенге заманауи кадрлар даярлаудағы серіктес ретінде көрсетілген сенімнің белгісі». Ол сондай-ақ университет үшін халықаралық ынтымақтастықтың тек академиялық ұтқырлықпен шектелмей, Германиядан білім, технологиялар және заманауи өндірістік тәжірибелердің нақты трансферіне әкелуі аса маңызды екенін атап өтті.
„Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan“ жобасының үйлестірушісі Магираш Шаримова бағдарламаның бастау алғаны және солтүстікқазақстандық студенттердің неміс жоғары оқу орнында оқудың әртүрлі кезеңдеріндегі күнделікті өмірі туралы айтып берді.
Жоба қатысушылары да өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, олар HSWT-де оқу барысында орындаған ауыл шаруашылығы техникасына жұмсалатын шығындардың агроэкономикалық есептеулерін таныстырды. Бұл есептеулер ауыл шаруашылығы процестерінің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған және неміс тәсілдерін Қазақстан жағдайына қалай бейімдеуге болатынын көрсетеді.
„Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan“ жобасы халықаралық білім беруді, практикалық даярлықты және кейінгі жұмысқа орналасуды біріктіреді. Бизнес үшін бұл нақты өндірістік міндеттерді ескере отырып, қажетті кадрларды алдын ала даярлау мүмкіндігі болса, студенттер үшін халықаралық тәжірибе жинақтап, оқу кезінде-ақ түсінікті кәсіби бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2026 жылдың күзінде Kozybayev University мен HSWT-тегі неміс серіктестері келесі жылдың жазғы семестрінде Германияда білім алатын студенттерді жаңа іріктеуді бастайды. Пилоттық жоба қазақстандық университет, немістің білім беру мекемесі және бизнестің өзара іс-қимылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне жаңа буын мамандарын даярлаудың тиімді құралына айнала алатынын көрсетеді.
Автор: Андрей Кратенко. Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia












