Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көшіқонның өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21-28 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан ел аумағына келген мигранттар қатарының әдеттегіден
2-3 есеге көбейгенін айтты. Тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған (29 қыркүйекте 22,5 мың адам келсе, 10,1 мың адам шығып кеткен; 30 қыркүйек-те – 14,9 мың адам / 11,6 мың адам). Есептік кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырған.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты. Мигранттар тарапынан Қазақстан азаматтарына қатысты жасалған қылмыстар тіркелмеген. Сонымен қатар ІІМ шетелдік азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін және заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады. Премьер-Министр жекелеген өткізу пункттерінде әлі де болса ұзын-сонар кезек барын айтты.

Баяндамаларды тыңдаған Премьер-Министр жүк және жеңіл көліктердің өтуін жеделдету үшін жүктемесі көп шекаралық өткізу пункттерін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге көші-қон жағдайын реттеу бойынша кешенді және тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

— Бірінші кезекте қазақстандық азаматтар үшін тұрақты «жасыл дәлізді», сондай-ақ тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз ету қажет, — деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Қазақстан азаматтары-ның арасында да, мигранттар
арасында да көші-қон мәселелерін реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia