2025 жылдың 1 сәуірде көрнекті қазақ композиторы, дирижері және домбырашысы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Оның «Аққу» және «Махамбет» сияқты музыкалық туындылары қазақ өнерінің классикасына айналды, ал «Отырар сазы» оркестрін құру ұлттық музыка дамуының жаңа парағын ашты. Нұрғиса Тілендиев дәстүрлі әуендерді қазіргі заманғы музыкалық тәсілдермен ұштастыра отырып, қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттады. 1975 жылы Қазақ КСР халық әртісі, 1984 жылы КСРО халық әртісі, 1998 жылы Халық Қаһарманы атағын алған Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал-серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игергенімен, суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia