Қарағанды облыстық немістер қоғамына Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен келді. Сапар барысында Иверсен ханым аймақтық қоғамның қызметімен танысты, оны Төраға Александр Гиберт пен Бағдарлама директоры Ксения Риккель таныстырды.

Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ Қазақстандағы неміс этносын қолдау бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат айтылды. Келесі кезекте неміс орталығына экскурсия ұйымдастырылып, этномәдени жұмыс жөніндегі үйлестіруші Анастасия Коваленко «Wiedergeburt» мұражай бұрышына экскурсия ұйымдастырды.

Сондай-ақ Елші Моника Иверсен неміс қоғамының бөлімшелерінің бірі – «ERFOLG» оқу орталығы» мекемесінде болды, оның директоры Олеся Залуцкая мектеп сыныптары мен балабақша топтарына экскурсия жасады. Онда оқу орталығының базасында «Wunderkind» мектепке дейінгі білім беру орталығында сабақ өтті.

Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia