Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы күрделі экологиялық жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы осы мегаполистердегі экологияны жақсарту жөнінде тапсырма берді.
2020-2021 жылдар аралығында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті. Бүгінгі күні 22 көзделген іс-шараның 13-i орындалды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-ға су жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыру және іске қосу арқылы газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталды. Газдандыру бойынша елордада толық газдандыруды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Алматы қаласында бойынша 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қазандықтарын газға ауыстыру арқылы жаңғырту туралы шешім қабылданды, бұл шығарындыларды 83%-ға, яғни 37,8-ден 6,0 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Дизельдік қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынды және 335 электр және газбен жүретін автобустар сатып алынды, жанармай құю станцияларындағы отын сапасына және жалпы автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар күшейтілді. Кіру және шығу жолдарында 21 «Сергек» жүйесі бекеттері және 19 экопост орнатылған, олар Алматы қаласының полиция департаментіне шығарындыларды тіркеу және деректерді беру үшін «Сергек» жүйесімен біріктірілген.
Аумақтарды көгалдандыру бойынша әкімдіктер жасыл желекерді толықтай тесереді, қаланың жасыл желектерінің тізілімі енгізілетін болады. Тиісті заңнамаға ағаштарды заңсыз кесу ережелеріне өзгерістер енгізілді, ол бойынша ағаштарды заңсыз кескені үшін жиырма және отыз есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызу көзделген, ал олардың заңсыз кесілгені үшін әкімшілік жаза бес есеге дейін ұлғайтылды.
Алматы қаласының әкімдігі жел режимін зерттеуді компьютерлік модельдеу бойынша эксперименттік жұмыс бастады, сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, құрылыстың бас жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде. Осылайша, жаңа Экологиялық кодекске сәйкес әкімдіктер енді атмосфералық ауа нашарлаған жағдайда 3 жыл ішінде көлік құралдарының кіруіне шектеулер енгізу, ал қолайсыз метеожағдайлар туындаған кезде атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуын реттеу жөніндегі уақытша шараларды енгізу өкілеттіктерне ие.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia