В Астане завершился VIII Республиканский чемпионат WorldSkills Kazakhstan – 2023, организованный НАО «Talap» Минпросвещения РК. В течение трех дней победители региональных чемпионатов соревновались за звание лучших по 30 компетенциям и 7 направлениям. Торжественную церемонию награждения посетил министр просвещения Гани Бейсембаев.

В своей приветственной речи министр поздравил всех участников с важным событием в сфере технического и профессионального образования, отметив роль рабочих профессий в развитии экономики страны.

«WorldSkills Kazakhstan – масштабный чемпионат, который открывает огромные возможности студентам, осваивающим рабочие профессии. Благодаря этой площадке вы устанавливаете сотрудничество с ведущими компаниями страны. Значительно усиливается позиция и в мировом рейтинге. В этом году наши ребята показали наилучший результат за всю историю участия на EuroSkills Gdansk, завоевав две медали и четыре «Медальона отличия». Именно в вас – представителях рабочих профессий – мы видим приходящую мощь и силу нашей страны. Поэтому ежегодно благодаря поддержке Главы государства увеличивается госзаказ на технические профессии, оказывается всестороння социальная поддержка студентам колледжей», — отметил Гани Бейсембаев.

Призеров соревнований наградила депутат Мажилиса Парламента РК Ирина Смирнова. Всего на VIII Республиканском чемпионате WorldSkills Kazakhstan – 2023 разыграно 100 медалей: 38 золотых, 26 серебряных и 36 бронзовых. 153 участника получили «Медальоны отличия».

В командном зачете лидером стала сборная Абайской области, завоевав 6 золотых, 2 серебряные и 3 бронзовые медали по 30 компетенциям. На втором месте команда города Алматы: 4 золотых, 1 серебряная и 4 бронзовые медали. На третьем месте сборная города Шымкент: 5 золотых и 2 бронзовые медали по 29 компетенциям.

Кроме того, победители чемпионата профмастерства получили приглашения на работу от ведущих компаний страны: «Grohe», «Knauf», «1С Казахстан», «Robert Bosсh», «Welding Company», «ESAB» и др. Все 545 участников соревнований получили гранты на прохождение обучения в различных сферах, на любую выбранную ими специальность от WeDoEducation.

Напомним, VIII Республиканский чемпионат WorldSkills Kazakhstan с 23 по 25 ноября 2023 года. В нем приняли участие 545 студентов колледжей и 510 экспертов со всех уголков нашей страны. Участники демонстрировали свои работы в 30 компетенциях: кирпичная кладка, строительство и штукатурные работы, сантехника и отопление, графический дизайн, сварочные технологии, кондитерское дело, парикмахерское дело, ресторанный сервис и др. Победители направятся международный чемпионат WorldSkills, который пройдет во французском городе Лион с 10 по 15 сентября 2024 года.

VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫНАН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРТУЛАР АЛДЫ

Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan – 2023 VIII Республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Министр өз сөзінде барлық қатысушыларды техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы айтулы шарамен құттықтап, ел экономикасын дамытудағы жұмысшы мамандықтарының рөліне ерекше тоқталды.

«WorldSkills Kazakhstan – бұл жұмысшы мамандықтарын меңгерген студенттер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ауқымды чемпионат. Осындай шараның арқасында еліміздегі жетекші компаниялармен ынтымақтастық орната аласыздар. Әлемдік рейтингтегі позиция да айтарлықтай нығайып келеді. Биыл біздің студенттер EuroSkills Gdansk турнирінің тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, екі медаль мен төрт «Үздік медальон» жеңіп алды. Жұмысшы мамандықтарының өкілдері — еліміздің күш-қуаты. Сондықтан да Мемлекет басшысының қолдауымен жыл сайын техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс ұлғайып, колледж студенттеріне жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова марапаттады. WorldSkills Kazakhstan-2023 VIII республикалық чемпионатында барлығы 100 медаль: 38 алтын, 26 күміс және 36 қола ұтысқа салынды. 153 қатысушы «Үздік медальонын» жеңіп алды.

Командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Абай облысының командасы көш бастады. Екінші орынды Алматы қаласының командасы иемденіп, 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын алған Шымкент қаласының құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді қанжығасына байлады.

Бұдан басқа, кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары еліміздің жетекші компанияларынан: «Grohe», «Knauf», «1С Казахстан», «Robert Bosсh», «Welding Company», «ESAB» және т.б. жұмысқа шақыртулар алды. Конкурстың барлық 545 қатысушысы WeDoEducation-нен таңдаған түрлі салалардағы кез-келген мамандық бойынша білім алу үшін гранттарға ие болды.

Еске салайық, «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионаты 2023 жылдың 23-25 ​​қарашасы аралығында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 545 студент пен 510 сарапшы қатысты. Сайыс қатысушылары 30 құзырет бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Олардың ішінде кірпіш қалау, құрылыс және сылақ, сантехника және жылу жүйесі, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, кондитер, шаштараз ісі, мейрамхана сервисі және т.б. болды. Жеңімпаздар 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына барады.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/660319?lang=ru


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia