А.ж. 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенттік орталығы мен «Ассамблея жастары» РҚБ ұйымдастыруымен «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Еңбек Ері» атағының иегерлері, «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері, Қазақстанның барлық өңірлерінен жұмысшы жастардың көшбасшылары, мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты.
Форум еңбек адамының имиджін насихаттау мақсатында өткізіліп, жастар арасында кәсіптік бағдар беруді дамытуға бағытталған. Іс-шара Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларын ашады. Форум сондай-ақ еңбек ардагерлерімен және жас мамандармен өткен тақырыптық кездесулерде айқындалған еңбек мамандықтары бойынша ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуді көздейді.
Кездесулер жастармен мотивациялық кездесу форматында өткізіліп, көк жағалы жұмыстардың маңыздылығы, сондай-ақ жас қазақстандықтардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға ықпал етті.
Жыл бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысшы жастардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында облыстық жастар форумдары мен түрлі тақырыптық кездесулер өткізбек.
Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/r-prezidenttik-ortaly-y-imaratynda-adal-adam-adam-e-bek-zhastar-forumy-tti/
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia