Для студента-политолога международный обмен — это возможность выйти за рамки университетской аудитории, увидеть общественные процессы непосредственно в другой стране и сопоставить их с опытом собственного государства. Именно таким опытом стало для Маулена Абралина участие в международном проекте «The Role of Women in German, Kazakh and Uzbek Societies – Past and Present».

Маулен Абралин — студент третьего курса факультета гуманитарных и социальных наук НАО «Торайгыров Университет» города Павлодар, обучающийся по специальности «Политология», а также лидер клуба немецкой молодёжи «Lenz». В проекте он представлял Казахстан и свой университет вместе с другими студентами Торайгыров Университета.

Проект организован фондом KONTAKTE-KONTAKTE e.V. и объединил молодых людей из Германии, Казахстана и Узбекистана. Его главная тема — положение и роль женщин в обществах трёх стран в прошлом и настоящем. Однако, программа вышла далеко за рамки академического изучения заявленной проблематики. Участники получили возможность познакомиться с историей и современной жизнью стран-партнёров, обменяться мнениями и установить международные контакты.

От мечты к реальности

Особое место в этой истории занимает Германия. Маулен давно интересуется немецким языком и культурой и на протяжении нескольких лет мечтал побывать в стране, которую изучал по книгам и учебным материалам.

«Было очень интересно наконец-то увидеть своими глазами ту культуру, которую изучаешь уже пять лет», — рассказывает Маулен.

Берлинский этап проекта прошёл с 1 по 9 августа 2026 года. Для Маулена поездка стала не только первым зарубежным опытом, но и возможностью самостоятельно увидеть страну, к которой у него давно был интерес.

Программа в Германии была насыщенной. Участники встречались с представителями государственных и общественных организаций, обсуждали социальные вопросы, связанные с положением женщин, и знакомились с механизмами их поддержки в немецком обществе.

Важной частью программы стало знакомство с историко-культурным наследием Германии. Участники посетили Потсдам, Бундестаг, а также мемориальное место, связанное с историей концентрационного лагеря для женщин.

Такие поездки позволили посмотреть на историю страны не только как на совокупность фактов из учебников, но и как на часть современного общественного и политического пространства. Для студентов-политологов особенно важно было увидеть взаимосвязь между исторической памятью, политическими решениями и развитием общества.

От Германии — к Узбекистану

После Германии международный диалог продолжился в Узбекистане. В настоящее время участники проекта находятся в Самарканде, где знакомятся с историей и современной жизнью страны и продолжают обсуждение роли женщин в обществе.

Два этапа проекта дают возможность посмотреть на одну и ту же проблему с разных сторон. Германия, Казахстан и Узбекистан имеют различный исторический и социальный опыт, поэтому сравнение подходов позволяет лучше понять особенности каждой страны и одновременно увидеть общие вопросы, которые остаются актуальными для разных обществ.

Самаркандский этап стал продолжением начатого в Германии обмена. Участники продолжают работать вместе, обсуждают общественные вопросы, делятся опытом и формируют собственное представление о том, как меняется роль женщин в современном мире.

Международный диалог

Для Маулена важной частью проекта стали не только лекции, встречи и экскурсии, но и общение с молодыми людьми из Германии и Узбекистана.

Именно непосредственный контакт позволяет лучше понять, чем живут люди в других странах, какие вопросы их волнуют и как они воспринимают происходящие в обществе процессы. Для будущего политолога такой опыт особенно ценен: полученные в университете теоретические знания дополняются реальными историями, наблюдениями и дискуссиями. Всё это Маулен планирует использовать в дальнейшей научной деятельности. Одним из результатов участия в проекте станет подготовка научных материалов, посвящённых роли женщин в немецком, казахстанском и узбекском обществе.

Таким образом, международный обмен становится для студента не разовой поездкой, а частью профессионального развития.

Мария Горбачева

Шекарасыз халықаралық байланыстар: Маулен Абралиннің тәжірибесі

Саясаттанушы студент үшін халықаралық алмасу – университет аудиториясының шеңберінен шығып, басқа елдегі қоғамдық үдерістерді тікелей көру және оларды өз мемлекетінің тәжірибесімен салыстыру мүмкіндігі. Маулен Абралин үшін осындай тәжірибенің бірі „The Role of Women in German, Kazakh and Uzbek Societies – Past and Present“ халықаралық жобасына қатысуы болды.

Маулен Абралин – Павлодар қаласындағы «Торайғыров Университеті» КЕАҚ гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алып жүрген үшінші курс студенті, сондай-ақ „Lenz“ неміс жастары клубының жетекшісі. Жоба барысында ол басқа студенттермен бірге Қазақстан мен өз университетінің атынан қатысты.

Жобаны KONTAKTE-KONTAKTE e.V. қоры ұйымдастырып, оған Германия, Қазақстан және Өзбекстаннан келген жастар қатысты. Жобаның негізгі тақырыбы – үш ел қоғамындағы әйелдердің өткені мен қазіргі кезеңдегі жағдайы және рөлі. Алайда бағдарлама көтерілген мәселені академиялық тұрғыда зерттеумен ғана шектелген жоқ. Қатысушылар серіктес елдердің тарихымен және қазіргі өмірімен танысып, пікір алмасып, халықаралық байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.

Арманнан шындыққа

Бұл оқиғада Германияның орны ерекше. Маулен неміс тілі мен мәдениетіне бұрыннан қызығушылық танытып келеді және бірнеше жыл бойы кітаптар мен оқу материалдары арқылы зерттеп жүрген елге баруды армандаған.

«Бес жылдан бері зерттеп жүрген мәдениетті өз көзіммен көру өте қызықты болды», – дейді Маулен.

Жобаның Берлиндегі кезеңі 2026 жылғы 1–9 тамыз аралығында өтті. Маулен үшін бұл сапар шетелдегі алғашқы тәжірибе ғана емес, сонымен қатар көптен бері қызығушылық танытып жүрген елді өз көзімен көруге мүмкіндік болды.

Германиядағы бағдарлама мазмұнды өтті. Қатысушылар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, әйелдердің қоғамдағы жағдайына қатысты әлеуметтік мәселелерді талқылады және неміс қоғамындағы әйелдерді қолдау тетіктерімен танысты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі Германияның тарихи-мәдени мұрасымен танысу болды. Қатысушылар Потсдамға, Бундестагқа, сондай-ақ әйелдерге арналған концлагерь тарихымен байланысты мемориалдық орынға барды.

Мұндай сапарлар ел тарихына оқулықтардағы деректер жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі қоғамдық және саяси кеңістіктің бір бөлігі ретінде қарауға мүмкіндік берді. Саясаттанушы студенттер үшін тарихи жад, саяси шешімдер мен қоғамның дамуы арасындағы байланысты көру ерекше маңызды болды.

Германиядан – Өзбекстанға

Германиядан кейін халықаралық диалог Өзбекстанда жалғасты. Қазіргі уақытта жоба қатысушылары Самарқанд қаласында жүр. Мұнда олар елдің тарихымен және қазіргі өмірімен танысып, қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы пікірталасты жалғастыруда.

Жобаның екі кезеңі бір мәселені әртүрлі қырынан қарауға мүмкіндік береді. Германия, Қазақстан және Өзбекстанның тарихи және әлеуметтік тәжірибелері әртүрлі. Сондықтан әр елдегі тәсілдерді салыстыру олардың ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге және сонымен бірге әртүрлі қоғамдар үшін өзекті болып қала беретін ортақ мәселелерді көруге мүмкіндік береді.

Самарқанд кезеңі Германияда басталған өзара алмасудың жалғасы болды. Қатысушылар бірлескен жұмысты жалғастырып, қоғамдық мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі әлемде әйелдердің рөлі қалай өзгеріп жатқандығы туралы өз көзқарастарын қалыптастыруда.

Халықаралық диалог

Маулен үшін жобаның маңызды бөлігі дәрістер, кездесулер мен экскурсиялар ғана емес, Германия мен Өзбекстаннан келген жастармен тікелей қарым-қатынас жасау болды.

Дәл осындай тікелей байланыс басқа елдердегі адамдардың немен өмір сүретінін, оларды қандай мәселелер толғандыратынын және қоғамда болып жатқан үдерістерді қалай қабылдайтынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Болашақ саясаттанушы үшін мұндай тәжірибенің құндылығы ерекше: университетте алған теориялық білім нақты өмірлік оқиғалармен, бақылаулармен және пікірталастармен толықтырылады.

Маулен алған тәжірибесін алдағы ғылыми қызметінде пайдалануды жоспарлап отыр. Жобаға қатысуының нәтижелерінің бірі Германия, Қазақстан және Өзбекстанның қоғамдық өміріндегі әйелдердің рөліне арналған ғылыми материалдар дайындау болмақ.

Осылайша, халықаралық алмасу студент үшін бір реттік сапар ғана емес, кәсіби дамудың маңызды бөлігіне айналады.

Мария Горбачева.

Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь