Шымкенттегі „Hoffnung“ неміс жастар клубының белсенділері: Богдан Құлахметов пен Артур Дрейлинг „ZhasCamp Central Asia“ жобасында волонтер болды.

„ZhasCamp Kazakhstan“ – 2010 жылдан бері Қазақстанда өткізілетін жастардың әлеуметтік бастамаларына арналған жыл сайынғы бейресми конференция. Іс-шараның мақсаты: жастарды әлеуметтік белсенділікке тарту, желілер құру және әлеуметтік дамудағы озық тәжірибені тарату. Қазақстанның Жастар Ақпараттық Қызметінің жобасы (ҚБЖҚ).

Жоба Шымкентте өтіп, оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан жастары қатысты. „Hoffnung“ ҰҚК жетекшісі Богдан Құлахметов жоба туралы досы, жастар клубының белсендісі Артур Дрейлингтен білді. «Ол мені волонтер ретінде қатысуға шақырды және бұл маған өте ұнады. Биыл жобаға 120-дан астам адам қатысты. Спикерлер керемет болды. Менің есімде бәрінен бұрын ololo компаниялар тобының тең құрылтайшысы әрі бизнес директоры Данияр Аманалиев, «Время» газетінің журналисі Алиса Масалиева және әлеуметтік желі арқылы белсенділік туралы айтқан Мұтабар Хушвактов. Үш күндік жұмыс барысында мен үш елдің өте қызықты жігіттерін кездестірдім. Жобадан кейін қосымша мотивация пайда болды».

Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп.

Мария Горбачева

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia